• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысының әкімі Нидерланды Корольдігінің елшісімен өңірдің бизнес-құрылымын талқылады

Атырау облысының әкімі Нидерланды Корольдігінің елшісімен өңірдің бизнес-құрылымын талқылады

15 Сәуір, 2016 12:19
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нидерланды Корольдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хенри Хуберт Дриссерді қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жалпы, Қазақстан мен Нидерланды өте ұқсас,-деді елші. Өйткені, Батыс Еуропадағы мемлекет пен Қазақстандағы халық саны бірдей. Бір айырмашылығы Нидерландының жер көлемі қазақ даласынан 6 есеге кіші. Дегенмен өнеркәсіп пен өндіріс дамыған, мұнай мен табиғи газ өндіруде де алдыңғы орында.

Екі жақты кездесуде экспортқа бейімделген елдің кәсіпкерлері Қазақстанда бизнесін өркендетуге ынталы екендіктерін айтты. Бүгінде Нидерланды Корольдігінде күннен энергия алатын бірнеше компания Астанада өтетін "Экспо-2017" көрмесіне қатысуға қызу дайындық үстінде екен. Айта кету керек, бүгінде Атырау облысындағы 88 мекемеде Нидерландиялық компаниялардың үлесі бар.

 

Барлық жаңалықтар