• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының әкімі АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Маңғыстау облысының әкімі АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

15 Сәуір, 2016 11:26
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Кролды қабылдады, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Кездесу барысында Маңғыстау облысы мен АҚШ аймақтақтары арасындағы сауда-экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Мен Маңғыстау облысына алғаш рет келіп отырмын. Бүгін Ақтау халықаралық теңіз сауда портымен және оны солтүстік бағытта кеңейту жұмыстарымен таныстым. Менің ойымша, сіздің өңір туристик кластерді дамытуға өте қолайлы. Мұнда америкалық инвесторларды қызықтыратын көптеген салалар бар», - деді Джордж Крол.

 

Барлық жаңалықтар