• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан аумағындағы халықаралық дәліздер желісінің дамуы КЭЛКЕО жалпы отырысында талқыланды

Қазақстан аумағындағы халықаралық дәліздер желісінің дамуы КЭЛКЕО жалпы отырысында талқыланды

15 Сәуір, 2016 10:37
Бүгін Астана қаласында Көлік, Экспедиторлық және Логистикалық Компаниялардың Еуразиялық Одағының жалпы отырысы өтті. Кездесуге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Ресей және Украина елдерінің ірі салалық бірлестіктері мен одақтарының басшылары қатысты. КЭЛКЕО жалпы отырысының ұйымдастырушысы - «Kazlogistics» Қазақстан көлік одағы, деп хабарлады «ҚазАтоЖол» АҚ.

Шақырылған спикерлердің санына Еуразиялық экономикалық комиссиясының Көлік және инфрақұрылым департаменті, Қырғызстан Республикасының халықаралық көлік тасымалдаушылар ассоциациясы да қосылды.

Отырыстың аясында «Автожолдардың даму болашағы, Қазақстан Республикасының халықаралық тасымалдау нарығының жағдайы» атты секция өтті. Секцияның модераторлары ретінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов, Қазақстан Республикасының халықаралық тасымалдаушылар одағының Бас хатшысы Теодор Каплан қызмет атқарды.

Қазақстандағы автожол желісінің дамуы жөнінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев толық ақпарат берді.

Баяндама бойынша, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасына сәйкес 2016 жылы автожол реконструкциясының масштабты жұмысы өткізіліп жатыр. Оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс», «Астана-Петропавл» автожол жобаларын жүзеге асыруы жоғары орында.

Ақылы автожолдардың 2020 жылға дейін дамуы, Халықаралық Автокөлік Одағымен серіктестігі аясында халықаралық тасымалдаулардың қауіпсіздігі жөнінде сұрақтар да көтерілді.

Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған 100 нақты қадам бағдарламасының 58-ші қадамына сәйкес жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін Бюджет кодексіне еңгізілген өзгертулер бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Ұлттық оператор ретінде берілген өкілеттіктер - стратегиялық инвесторлармен ақылы жолдар жөнінде жұмыс, автожолдарды ұстау және ағымдағы жөндеу, жобаларды басқару, жол сервисін дамыту. Бюджет кодексіне сәйкес осы өзгертулер инфрақұрылымдық жобаларға арналған инвестицияларды қарастыруға Мемлекеттік кепілдікті оңай алу үшін жол ашқан.

 

 

Барлық жаңалықтар