Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен ҚР судьяларының VI съезі өтуде

20 Қараша, 2013 12:03
Бүгін, 20 қараша Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен ҚР судьяларының VI съезі өтуде.

«Құрметті делегаттар біздің алдымызда соңғы съезден кейін сот жүйесінің жасалған жұмыстарының қорытындысын жүргізу мақсаты тұр. Бұл форум жаңа тарих толқынында жүзеге асуда, себебі Қазақстан жаңа стратегиялық бағыт алды. Жаңа Стратегияға сәйкес сот қоғамына сот қызметінің сапалығын арттыру қажет. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бұл шараға қатысуы мемлекеттің сот билігіне үлкен қолдау», - деді Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми.

Форумға қатысушылар соттың тәуелсіздігі мен құқық қорғау механизмдердің дамуы, сот кадрларының біліктілігн арттыру сынды сұрақтарды талқылайды.

Күн тәртібінде  - Мемлекет басшысы ҚР судьяларының V съезінде жүктеген тапсырмаларының орындалуы, Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуінде сотың нақты қызметі сынды тақырыптар қаралады.

Съезге Қазақстанның әр аймағынан 600 сот өкілдері қатысты. Шақырылғандар арасында – Ресей, Молдовия, Украина, Қырғызстан, Грузия  Жоғарғы сотының жетекшілері бар. Шалғай шетелді БАӘ, Сауд Арабиясы мен Германия таныстырды. Сондай-ақ, форумға ЕҚЫҰ, БҰҰ, ТМД  Еуропалық кеңесінің өкілдері мен ЕуАзЭҰ соттары қатысуда.  

Айта кетейік, судьялардың съезі 4 жылда бір рет жоғары мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен өтеді. 

Барлық жаңалықтар