• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Ф.Хоганмен кездесті

К.Мәсімов ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Ф.Хоганмен кездесті

14 Сәуір, 2016 18:21
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Фил Хоганның кездесуі өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-еуропалық сауда-инвестициялық, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын және оны тереңдету перспективаларын талқылады.

К.Мәсімов пен Ф.Хоган 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы Келісімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, екі жақты қатынастарды дамыту қарқындарына қанағаттанатындықтарын білдірді.

Премьер-Министр елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға баса көңіл бөлінетінін айтып өтіп, еуропалық бизнес серіктестерді озық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Кездесу соңында тараптар табысты екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

 

Барлық жаңалықтар