• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Шаяхметов: Қазақстандық азаматтық сәйкестік – болашағы бірыңғай ұлт қалыптастырудың маңызды факторы

Н. Шаяхметов: Қазақстандық азаматтық сәйкестік – болашағы бірыңғай ұлт қалыптастырудың маңызды факторы

14 Сәуір, 2016 18:03
Қазақстандық азаматтық сәйкестік – болашағы бірыңғай ұлт қалыптастырудың маңызды факторы. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ этносаралық қарым-қатынастар саласындағы талдау және мониторинг қызмет басшысы Нұрбек Шаяхметов айтты.

«Қазақстандық азаматтық сәйкестік - болашағы бірыңғай ұлт қалыптастырудың маңызды факторы, болашағы бірыңғай ұлт –  ол ортақ құндылықтармен біріккен, тең құқықтарға ие және ел тағдыры үшін ортақ жауапкершілікті бөліскен Қазақстан халқы»,-деді сарапшы.

Н.Шаяхметовтың бекітуінше, болашағы бірыңғай ұлт  көптүрлі бірлік принціпінде жасалған және ол әрбір этностың өз ерекшелігін сақтауға көмектеседі.  

«Болашағы бірыңғай ұлт «Бір ел-бір тағдыр» формуласында негізделеді. Ол жерде әрбір азам өз тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыратындығы айтылған»,-деді ол.

Сонымен қатар, сарапшының айтуы бойынша, қазақстандық азаматтық сәйкестік мемлекет, қоғам және азаматтың бірлескен күшімен күшейтілуі мүмкін.

Индира Қауметова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар