- Басты
- Жаңалықтар
- Орталықтандырылған жылумен қамтуды жаңарту проблемалары мен мүмкіндіктері Астанада өткен семинарда талқыланды
Орталықтандырылған жылумен қамтуды жаңарту проблемалары мен мүмкіндіктері Астанада өткен семинарда талқыланды

Семинарда жылумен қамту жобаларын іске асырудың өңірлік тәжірибесі, халықаралық практикадан табысты мысалдар қаралды. Жылу энергетикасына жеке инвестицияларды тартуға ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымның кешенді жаңаруын өткізуге, сондай-ақ стратегиялық тапсырмаларды шешуге көшуге мүмкіндік беретін секторды реформалау мәселелері талқыланды.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев атап өткеніндей, мемлекет ТКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы) салаларына аса назар аударуда, саланы жаңартуға бағытталған бағдарламаны іске асыруға айтарлықтай мол қаражат бөлінуде.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2015-2016 жылдарға жылумен қамту желілерінің шамамен 185,5 км. салу және қайта қалпына келтіру жоспарланған, бүгінгі күні 2016 жылғы 1 сәуірдегі жай-күй бойынша 143,8 км. желі салынған және қайта қалпына келтірілген.
Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымының (ХҚҰ) заемдық қаражатын барынша тарту көзделген. ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру экономика салаларын жаңартудың қарқынын жылдамдатуға, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және экономикадағы қажетті құрылымдық реформаны өткізуге мүмкіндік береді.
«Бағалауға сәйкес, секторға айтарлықтай инвестициялар талап етіледі, сондай-ақ осындай жобаларды қаржыландырудың инновациялық тетіктері қажет. Үкіметпен және басқа да институттармен бірлесе отырып, АДБ шешімдер іздестірумен және елде үздіксіз, қол жетімді және энергиясы тиімді жылумен қамтуды қамтамасыз етудегі орын алған кедергілерді жоюмен жұмыс жасауда», - деп көрсетті АДБ Энергетика департаментінің директоры Клео Кававаки.
Басты кеңсесі Манила қаласында орналасқан АДБ миссиясы – тегіс қамти алатын экономикалық және экологиялық тұрақты өсу және өңірлік ықпалдасу арқылы Азия-Тынық мұхиті өңірінде кедейшілікті қысқарту. Банк 1966 жылы құрылған, 67 ел оның акционерлері болып табылады, оның ішінде 48-і осы өңірден.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

