• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін несиелеу шараларына 3,7 млрд теңге бөлінді

Қостанай облысында жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін несиелеу шараларына 3,7 млрд теңге бөлінді

14 Сәуір, 2016 20:26
Қостанай облысында жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін несиелеу шараларына 3,7 млрд теңге бөлінді, деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік ОКҚ брифингінде.

«Қостанай, Лисаков, Жітіқара қалаларының және Затобол кентінің жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін кредиттеуге арналған қосымша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде қосымша  3,7 млрд. теңге бөлінді», - деді ол.

«Сонымен қатар,  бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен инженерлік жүйелерді жаңғыртуды қамтамасыз ету міндеті орындалуда. Осыған байланысты Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен ынтымақтасу шеңберінде жалпы сома   9,3 млрд. теңгеге  жобаларды іске асыру жоспарлануда, оның ішінде «Қостанай  жылу-энергетикалық компаниясы» МКК-нің жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға – 6,1 млрд. теңге және «Қостанай-Су» МКК-нің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға –                 3,2 млрд. теңге», - деді ол.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принциптерінің негізінде облысымыздың тұрғын үй құрылысына 2,2 млрд. теңге инвестициялауды көздеген «Еуразиялық топ» ЖШС-мен Меморандуға қол қойылды.  Аталған қаражаттың есебінен 2 тұрғын үй мен жалпы көлемі 14 мың шаршы метр 2 жатақхананы пайдалануға енгізу жоспарлануда», - деді ол.          

 «ССТБӨБ» және «Алюминий Казахстана» кәсіпорындары орналасқан   Рудный, Лисаков қалаларының және Қашар кентінің 250-ден аса отбасы тиімді шарттың негізінде тұрғын үйге ие болуға мүмкіндік алады.

«Бұдан басқа, қосымша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Үкімет тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылымды салуға Ұлттық қордан 2 млрд-тан астам теңге сомада қаражат бөлді», - деді А.Мұхамбетов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар