Қостанай облысында ЖҚЖК аясында 4,8 млрд теңге бөлінді

14 Сәуір, 2016 19:13
Қостанай облысында ЖҚЖК аясында 4,8 млрд теңге бөлінді, деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік ОКҚ брифингінде.

«Қолданыстағы механизмдерді жетілдіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін жақсарту мақсатында облыста өткен жылдан бастап Қостанай қаласында, Қостанай және Ұзынкөл аудандарында «Өрлеу» жобасының пилоттық режимін енгізу жөніндегі жұмыстар басталды», - деді ол.

2015 жылғы екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  жобаға  118 адам тартылды, әлеуметтік көмек  3 млн.теңге сомаға төленді. 2016 жылдың соңына дейін  басқа қалалар мен аудандарды қамтуды жоспарлап отырмыз.

«Жалпы «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасы бойынша  әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2016 жылы 4,8 млрд.теңге, оның ішінде  әлеуметтік инфрақұрыым объектілерін жөндеу арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 1 бағытқа– 2,7 млрд.тенге, шағын кредиттеуге - 1,4 млрд.тенге, жұмысқа орналасуда қамтамасыз ету және ықпал етуге – 413 млн.тенге бөлінді», - деді облыс әкімі.

«Қосымша шағын кәсіпкерлікті  қолдау үшін   моноқалаларда, ауылдық жерлерде шағын несиелеуге «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлік қоры қаржылық ресурстары және облыс әкімдігі  1,6 млрд. тенге. көлемінде тартылатын болады.Сондай-ақ Бизнестің жол картасы  арқылы  осы мақсатқа 169 млн. тенге қарастырылған.Сондықтан, шағын несиелеудің жалпы сомасы биылғы жылы  3,2 млрд.тенгені құрайды», - деді А.Мұхамбетов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар