• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәнерлеп тебуші Денис Тен «Merano Cup» халықаралық турнирінде 1 орынға ие болды

Мәнерлеп тебуші Денис Тен «Merano Cup» халықаралық турнирінде 1 орынға ие болды

20 Қараша, 2013 11:28
Италияда «Merano Cup» халықаралық турнирі аяқталды. Қорытынды бойынша қазақстандық мәнерлеп тебуші Денис Тен 1 орынға ие болы, деп спортшының бас демеушісі, «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«231,12 ұпай жинаған Денис Тен Қытайдағы Гран при этапының нәтижесін 7 ұпайға жақсартты. Екінші орынды Жапониядан келген өкіл иемденсе, 3 орынды Дүниежүзілік Университет ойындары – Дайсуке Мураками жүлдегері итальяндық Паоло Баччини місе тұтты», - делінген хабарламада.

Бұл жеңіс Денис Тенге халықаралық кеңес бойынша 250 ұпай әкелді. Қазіргі таңда қазақстандық аталмыш рейтинг (ISU) бойынша 5 орында тұр.

Айта кетейік, «Merano Cup» турнирі Мерано қаласында 1997 жылдан бастап өткізіледі.

Сондай-ақ, спортшының  «IceChallenge» сайысына қатысу үшін Австрияға бет алғандығы да хабарланды. 

Барлық жаңалықтар