• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында туризм саласында 160 млн теңгенің 4 жобасы іске асырылды

Қостанай облысында туризм саласында 160 млн теңгенің 4 жобасы іске асырылды

14 Сәуір, 2016 18:39
Туризм саласында инвестицияның жалпы көлемі 160 млн. теңгеден асатын 4 жоба іске асырылды, деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік ОКҚ брифингінде.

«Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында Қостанай қаласында - «Медеу» қонақ үй кешенін жаңғырту» және  «MOJITO» демалыс базасын салу», Таран ауданында «Золотая рыбка» туристік базасын кеңейту жобалары іске асырылатын болады», - деді ол.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Сосновый бор» санаторийі базасында мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатымен құны 1 млрд. теңгеден астам санаторий-курорт кешенін қайта жаңғырту және оның қосымша құрылысы жоспарланып отыр.  

«2016 - 2017 жылдардың жоспарында қонақ үй мен  жыл бойы жұмыс істейтін жарықтандырылған шаңғы роллер трассасын салу бар», - деді облыс әкімі. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар