• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында өндірушілер жеке меншікке 45 мың гектар жерді сатып алған

Қостанай облысында өндірушілер жеке меншікке 45 мың гектар жерді сатып алған

14 Сәуір, 2016 15:54
Қостанай облысында өндірушілер жеке меншікке 45 мың гектар жерді сатып алған, деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік ОКҚ брифингінде.

«Қазақстанның индустрияландыру бағдарламаларын іске асыруды жалғастыратын «Индустрияландыру және  экономикалық өсім» деген үшінші бағыт бойынша ауылшаруашылығы мен өңдеуші салаларға стратегиялық инвесторларды тарту жоспарланып отыр. Бұдан басқа, кеден және салық жүйелері бірімен бірі ықпалдастырылатын болады. Осындай қойылған міндеттерді іске асыру экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді А.Мұхамбетов.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және нарықтық айналымға енгізу осы бағыттағы негізгі бөлімдердің бірі болып табылады. Біздің өңіріміздің аграрлық бағыттылығын ескерсек, бұл мәселе барынша өзекті болып табылады.  

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер көлемі       10,5 млн. гектарды (соның ішінде егістігі 6 млн. гектар шамасында) құрайды.Бүгінде ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер жеке меншікке 45 мың гектар (соның ішінде егістігі - 19 мың гектар) жерді сатып алған», - деді ол.

Бірінші жарты жылдықта жалпы алаңы 316,8 мың гектар қосымша 257 жер учаскесін уақытша жер пайдалану құқығымен беру жөнінен 5 конкурс өткізу жоспарлануда.

1 шілдеден бастап мемлекет меншігінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін аукцион арқылы сатуға кірісеміз.

Барлық жаңалықтар