• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе билігі «Жайсан» бекетінің өткізу мүмкіндігін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Ақтөбе билігі «Жайсан» бекетінің өткізу мүмкіндігін ұлғайтуды жоспарлап отыр

14 Сәуір, 2016 15:37
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы РФ-ң Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті. Кездесу барысында тараптар экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың перспиктиваларын талқылады, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Б.Сапарбаев Ресей Федерациясы Ақтөбе облысының ірі сауда серіктесітерінің бірі екенін атап өтті. 2015-ші жылдың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясымен арадағы сауда көлемі 862,5 млн. долларды құраған.

Көрші Орынбор облысымен ортақ шекара табысты байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін шекара маңындағы аймақтарды байланыстыратын автожолдардың рөлі өте маңызды.

Осыған байланысты аймақ басшысы М.Бочарниковқа «Ақтөбе-Мәртөк» автожолының ресейлік учаскеге жататын тұстарын қайта жөндеуден өткізсеңіздер деген өтініш білдірді.

Бұл тас жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі болып табылады. Бұл жол құрылысының Қазақстан жағы толық аяқталды, тек ресейлік учаскені жөндеу жұмыстары сол күйі шешілмей қалған. Бұдан бөлек, Ақтөбе мен Орынборды байланыстыратынтас жолды қайта жөндеуден өтуі тәулігіне 7 мың автомобильді өткізуге мүмкіндік берді. Бұл жолда орналасқан «Жайсан» өткізу бекетінен 2 мың автомобиль өткізуге мүмкіндік болады деп есептелген.

««Жайсан» өткізу бекетінің мүмкіндігін ұлғайту мақсатында оны кеңейту туралы шешім қабылданды. Оның жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталады»,-деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы сондай-ақ, қонаққа Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. 

Барлық жаңалықтар