• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте азаматтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте азаматтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды

14 Сәуір, 2016 12:04
ҚР Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте заң жобасы азаматтық заңнаманы жетілдіруге, оның ішінде жеке құқықтың диспозициялығын, заттық құқықтық түрлерін, олардың пайда болу негіздерін кеңейтуге бағытталады.

Бұдан бөлек, үлестік меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелерінде азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету қарастырылып отыр. Осы мақсатта заң жобасында белгіленген тәртіппен бөліп шығару мүмкін болмаған жағдайда, соттың оны жария саудаға салып сату туралы шешім қабылдауына бағытталған императивті нормалар бекітілмек.

«Құқықтық бас тарту» және «құқықты жүзеге асырудан бас тарту» ұйымдары айқындалып, заңды тұлғалар институтын одан әрі дамыту үшін алғышарттар қамту да ұсынылған.

Тұтастай алғанда, заң жобасын іске асырудың құқықтық және әлеуметтік, экономикалық теріс салдары жоқ.

Барлық жаңалықтар