- Басты
- Жаңалықтар
- Биылғы Астана экономикалық форумына 35-100 мың теңге төлеп қатысуға болады
Биылғы Астана экономикалық форумына 35-100 мың теңге төлеп қатысуға болады
Биылғы жылы Форумға бизнес және сараптау қауымдастықтарының әлемге танымал өкілдері, ірі қаржылық құрылымдардың жетекшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады.
«Биылғы форумның негiзгi тақырыбы қазiргi экономикалық жағдаймен байланысты. Форум аясында барлығы 20-ға жуық шара ұйымдастырылмақ. Жыл сайынғы дәстүр бойынша негiзгi шара – пленарлық мәжiлiс болмақ. Ол 26 мамырда алғаш рет жеке ғимаратта – «Қазақстан» концерт залында өтедi. Биылғы форумның ерекшелiгi тiркеу алымының енгiзiлуi. Форумға қатысатын азаматтар 35 мың теңге төлеуi тиiс. Бұл пленарлық мәжiлiске қатыспайтындарға арналған алым. Ал форумға, оның iшiнде пленарлық мәжiлiске қатысатындар 100 мың теңгеден төлейді», - дейдi Әсет Арманұлы.
Олардың қатарында - ғаламтор-коммерция саласында қытайлық AliBaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, ХВҚ Директор-басқарушысы Кристин Лагард, ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабарти, британдық «The Economist» журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең беделді экономистердің үштігіне кіретін Колумбия университеті Жер институтының директоры Джеффри Сакс, Массачусетс технологиялық институтынның экономика профессоры, «Why Nations Fail: The Origins of Power, Prosperity, and Poverty» әлемдік бестселлерінің авторы Дарон Аджемоглу, АҚШ Президенті Рональд Рейганның және Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчердің бұрынғы кеңесшісі Артур Лаффер, Леонтьев сыйлығының лауреаты Ха-Джун Чанг, «Валюталық соғыстар» бестселлерінің авторы Сун Хунбин, сондай-ақ, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Эдвард Прескотт, Кристофер Писсаридес пен Томас Сарджент бар.
"Астана экономикалық форум шеңберінде экономикалық тақырыптар бойынша негізгі спикерлердің дәрістер өткізуі, қатысушылар үшін Blockchain технологиясын қолдану бойынша воркшоптар сериясы, бизнес-гуру және жетекші әлемдік сарапшылардан нетворкингтер, шеберлік сыныптар өткізу жоспарлануда, сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады", - деді ол.
ЭЫДҰ, БҰҰ, Дүниежүзілік банк, АДБ, ЕҚҚДБ секілді халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары Форумның серіктестері болып саналады.
Анар Тәңірқұлова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді