- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақмыс жыл басынан бері катодтық эквивалентті есеппен 55,5 мың тонна мыс өндірді
Қазақмыс жыл басынан бері катодтық эквивалентті есеппен 55,5 мың тонна мыс өндірді
Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 4,1 мың тоннаға (+8%) артық. Өндірілген алтын құйма түрінде 850 килограмм, өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда – 95%, ал күміс 69 тонна, 12% артық өндірілді.
Жылдық есеп бойынша алынған кеннің құрамындағы мыстың көлемі 0,95% болды, бұл өткен жылғы 2015 жылдың I тоқсанындағы кендегі мыс көлемінен (0,88%) артық, әрі жоспарланған көлемнен де 0,05% артық болды. 2016 жылдың I тоқсанында Қазақмыстың байыту фабрикалары 7,4 миллион тонна кен өңдеді.
«Биылғы жылы «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС 224,4 мың тонна катодтық эквивалентті мыс өндіруді жоспарлап отыр.
«Ең бастысы бірінші тоқсанда біз өндірістеріміздегі еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын жақсартып, қолайлы еңбек етуге жағдай жасадық. Бұл сұрақтар, бұрынғыша «Қазақмыс» корпорациясының ең жауапты мәселесі болып қала бермек», - делінген хабарламада.
Еңбек ұжымдары өндірістік міндеттер үдесінен шыға білді, уақытылы орындады. Қазіргі таңдағы экономикалық ауыр хал-ахуалға қарамастан корпорацияның барлық өндірістері тұрақты жұмыс істеп тұр» - деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Бақтияр Қрықпышев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді