• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шығыс Қазақстан облысында жер саласының заңнамасындағы өзгерістерді талқылады

Шығыс Қазақстан облысында жер саласының заңнамасындағы өзгерістерді талқылады

14 Сәуір, 2016 17:14
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің және басқа заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

ҚР Ұлттық  экономика министрлігінің баспасөз қызметі   хабарлағандай, кеңес барысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану, құрылыс саласындағы жаңа енгізілімдер, сондай-ақ салық заңнамасына енгізілетін жоспарланған өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды.

ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұловтың айтуынша ауыл шаруашылық жүргізу үшін ұсынылған жердің жалпы ауданы қазіргі уақытта 100,8 млн.га құрайды, бұл ретте, ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің тек 1,3% (1,3 млн.га) жеке меншікте. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмін еңгізу мақстында Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы қабылданды, ол 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44-45 қадамдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» (Салық-кеден кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын әзірлеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-нің, ҮЕҰ-нің және бизнес ұйымдарының өкілдері кірді.

Жұмыс тобы мемлекет үшін де, салық төлеушілер үшін де экономикалық тиімділігін ескере отырып, сатудан алынатын салықты қолданудың әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізуде, шағын бизнес үшін патент және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері пысықталуда, сондай-ақ қолданыстағы салық жеңілдіктері мен салықтық және кедендік үрдістерін әкімшілендіру тетігіне талдау жасалуда.

Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Салық-кеден кодексінің жобасы тамыз айында Парламентке енгізілетін болады.

 

 

Барлық жаңалықтар