- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында құмды жерлерді суландыруға арналған пилоттық жоба іске асырылуда
Жамбыл облысында құмды жерлерді суландыруға арналған пилоттық жоба іске асырылуда
Тәжірибе үшін басталған жобаның алғашқысы Т. Рысқұлов ауданындағы «Құдайберген датқа» ШҚ-да іске қосылды. Іс-шараға өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев арнайы қатысты.
“Осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Ғани Әлімұлы Қалиевтың бастамасымен қолға алынған бұл жобаның тиімділігі орасан. Біріншіден шөлейт жерлер қолданысқа енеді, екіншіден мұнда мал шаруашылығымен айналысушылар үшін күн сәулесінен қуат өндіретін арнайы батареялар қойылған. Инфрақұрылым жабдықталған соң 1000 бас қой өсіруші шаруа қожалығына арнайы үй соғылды. Ғалымдардың бастамасымен Жамбыл және Қарағанды облыстарында іске асырылып жатқан пилоттық жоба осылай өз тиімділігін көрсетуде”, - делінген хабарламада.
Тәжірибе жүргізіліп жатқан «Құдайберген датқа» шаруа қожалығы 2014 жылы құрылған. Шаруаның негізгі өндіріс саласы асыл тұқымды қой малын өсіру, жайылымдық жерлерді суландыру, қой өнімдерін өңдеу. Жалпы жер көлемі 3000 га. Қазір 48 дана күн сәулесінен электр энергиясын алу қондырғылары орнатылған.
Жалпы қой ұстауға және өсіруге арналған заманауи үлгідегі базаны қалыптастыру арқылы мал басын ұлғайту, сондай-ақ, шаруашылық қызметкерлеріне барлық жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылған.
Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 38 млн. теңге, оның ішінде «Тараз» ӘКК «ҰҚ» АҚ арқылы - 15 млн. теңге, шаруашылықтың өз есебінен - 23 млн. теңге (қой мен жем) жұмсалған. Бұл кешен ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының «Жайылымды тиімді пайдалану және жаңартылатын энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту ғылыми-тәжірибесі» жобасы негізінде қажетті жабдықтармен, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілген.
Жиын барысында облыс әкімі К. Көкрекбаев және ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Ғ. Қалиев шаруашылық кешенінің жұмысына сәттілік тіледі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар