- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті түрік компанияларын алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды
Қазақстан Президенті түрік компанияларын алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды
Кездесуге Түркияның Ulker Group, Turkuaz Group, Yildirim Group, Yildiz Holding, Akfel Holding, Aselsan Electronic, Acibadem сияқты 25-ке жуық компаниясының басшылары қатысты.
Әңгіме барысында ынтымақтастықтың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасылды. Компания басшылары Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасалғанына алғыс білдіріп, мұның қазақстандық серіктестермен өзара іс-қимыл аясын кеңейту мүмкіндігіне жол ашып отырғанын айтты.
Қазақстан Президенті қазіргі кезде елімізде түрік капиталының үлесі бар 1600-ден аса компания жұмыс істейтініне, сондай-ақ Түркияның 15 мыңға жуық азаматы тұрып жатқанына назар аударды.
Қиындықтар бар екеніне қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асып түседі. Президент Ердоғанмен уағдаластық бойынша, бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Соңғы 10 жылда түрік бизнесінің біздің экономикаға салған инвестициясы 2 миллиард доллардан асты. Былтыр Қазақстанда белсенді инвестициялық жұмыс жасаған шетелдік он компанияның үшеуі түріктікі болды. Мысалы, қазір Қазақстан мен Түркияның жалпы құны шамамен 3 миллиард доллар болатын 91 бірлескен жобасы жүзеге асырылуда, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі мен Қытай Халық Республикасымен көршілестігі аясында бизнес үшін туындайтын зор мүмкіндіктерді атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Бес институционалдық реформа туралы да әңгімелеп, оның аясында шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде шаралар қарастырылғанын айтты.
Сонымен қатар, біздің ел көздеген мақсаттары жөнінен ҚХР-дың Жібек жолы Экономикалық белдеуі бастамасына ұқсас «Нұрлы жол» бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруда. Аталған жоспар аясында елімізді инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту саласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жолдың» және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мүмкіндіктерін түрік компаниялары да тиімді пайдалана алатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті түрік компанияларын алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды.
Мемлекет басшысы кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен бастамаларға қолдау білдіре отырып, Түркия бизнесмендерінің қызметіне біздің елде жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы