«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

13 Сәуір, 2016 18:04
«ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен Дюсенев Абай Симбайұлы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Абай Дюсенев 1974 жылы 3 қарашада дүниеге келді.

Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақстандық менеджмент, экономика және стартегиялық жоспарлау институтын (KIMEP, MBA) аяқтады және Т.Рысқұлов атындағы университет пен Швейцариядағы Еуропалық университеттің бірлескен бағдарламасы бойынша DBA дәрежесін алды. Сонымен бірге ақпараттық технологиялар саласында оқуды Оңтүстік Кореяда жалғастырды.

Еңбек жолын 1997 жылы ақпараттық технологиялар институтының маманы ретінде бастады. «Қазақтелеком» АҚ шамамен 20-жылдық жұмыс кезеңінде Абай Дюсенев мансап жоғарылауының барлық сатыларынан өтіп, 2010 жылы басқарушы директор қызметін атқарды.

«Қазақтелеком» АҚ жұмыс жылдары жүйелік интеграцияны құрастыру мен ілгерілету, компания бөлімшелерін басқару мен үйлестіру, мемлекеттік және халықаралық маңызы бар жобаларды үйлестіру жұмысына тікелей қатысты. Бұдан басқа компанияның электрондық үкімет секторы саласында (e-government, e-akimat) жүзеге асырылып жатқан жобаларды құрастыру мен басқарумен айналысты.

А.Дюсеневтің басшылығымен деректер мен бұлтты сервистерді сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын құруға бағытталған осы заманғы АКТ-шешімдер енгізілді. «Қазақтелеком» АҚ жұмыс кезеңінде жетекшілік еткен сұрақтар саласына мемлекеттік сектор үшін қазіргі заманғы IT-шешімдер мен қызметтер спектрін кеңейту арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық ортасы мен жүйелерін дамыту кірді.

2013 жылы Абай Дюсеневқа «Үздік байланысшы» жоғарғы кәсіптік атағы берілді.

 

Барлық жаңалықтар