- Басты
- Жаңалықтар
- ҚММУ оқытушылары Швецияда тағылымдамадан өтеді
ҚММУ оқытушылары Швецияда тағылымдамадан өтеді
Аталған келісім ҚММУ оқытушыларының біліктілігін арттыруға, тағылымдамадан өтуге, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, және «Болашақ» бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО базасында PhD докторантураға түсуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, келісім онкологиялық жасушаларды зерделеу саласында зерттеу жүргізуді, ісікке қарсы препараттарды іздеу, сондай-ақ, жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды қолдану мүмкіндігін қарастырады.
Елжан Біртанов Лунд Университетінің Вице-канцлері, профессор Ева Вибергпен ЖОО арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қою мәселелерін тақылады.
Вице-министр Медицина факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары Карин Фриденлундпен білім беру бағдарламалары, студенттермен және оқытушылармен өзара алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, Елжан Біртанов «Pfizer H.C.P. Corporation» (Швейцария) компаниясының өкілдерімен кездесті. Шара барысында Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша Жаһандық инновациялық өнімдер бағыты жөніндегі Вице-президент Анжела Лукин және Каукар, Израиль, Туркия мен Балқан аймақтары бойынша вакциналау бағытының жетекшісі Айлин Тузельмен Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында серіктестік мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Сонымен бірге, вакциналауды бақылаудың электрондық жүйесін жасау мен енгізу және Қазақстанда вакциналарды сақтау мен иммунобиологиялық препараттарды тасымалдау кезінде «салқындату тізбегін» құру, оның ішінде аталған жобаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыру бойынша өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Өзара түсінісу меморандумын жасау сұрақтары қарастырылды.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді -
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді -
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді