- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада шетелдік жұмыс күшін тартуға 9 мыңға жуық рұқсат қағазы берілді
Астанада шетелдік жұмыс күшін тартуға 9 мыңға жуық рұқсат қағазы берілді
Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, жұмысшылар көбінесе Түркия мен Қытайдан келеді. Жалпы, елордада Австралия, Таиланд, Украина және т.б. мемлекеттерден келіп жұмыс істеп жүргендер де бар. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шақырылған жұмысшыларға рұқсат қағазын алу қажет емес.
«Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қағазын алу үшін шетелдік жұмысшы туралы ақпаратпен қоса өтініш беруге тиіс. Өтінішті қарау кезінде негізінен оның білімі мен практикалық жұмыс өтілі ескеріледі. Сонымен қатар, белгілі бір қызмет бойынша бөлек талаптар белгіленген. ЭКСПО құрылысы сияқты басымды жобаларға жекелеген квоталар беріледі», - деп түсіндірді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Шетелдік жұмыс күштерін тартатын жұмыс берушілермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Сырым Байдаулет.
Елордаға шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерден құжаттар 18 сәуірге дейін қабылданады. Комиссияның кезекті отырысы 20 сәуірде өтеді. Айта кетейік, осындай кездесулер ай сайын ұйымдастырылады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі