• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету үшін 20 млн. теңге қарастырылды - әкім

Қарағанды облысында аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету үшін 20 млн. теңге қарастырылды - әкім

13 Сәуір, 2016 18:43
Облыстың аудандары мен қалаларының бюджетінен аз қамтамасыз етілген отбасылардың ақшалай мұқтаждықтарына көмек көрсету мақсатында 20 млн. теңге қарастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» іс жүзінде орындалуы» туралы аймақтық Орталық коммуникация қыметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

«2015-ші жылдың шілдесінен бастап облыста аз қамтамасыз етілген отбасыларға қаржылай көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» пилоттық жобасы іске аса бастады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, 187 адамға 3,8 млн. теңге қаржылай көмек көрсетілді»,-деді облыс әкімі.

Оның сөзінше биыл көмектің осы түрімен 769 адам қамтылмақ.

«Осы мақсатқа қала және аудан бюджеттерінен 20 млн. теңге қарастырылып отыр. Республикалық бюджеттен 28,6 млн. теңге ағымдағы мақсатты трансферттер бөлінді»,-деп хабарлады Н.Әбдібеков.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар