Қарағандыда МЖӘ бойынша көше жарығын жаңғырту жоспарлануда

13 Сәуір, 2016 15:53
Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында Қарағанды қаласының көше жарығын жаңғырту жоспарлануда, деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысында өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

«Электр энергетикасын дамыту мен энергия үнемдеу институтымен бірігіп ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Энергия үнемдеу картасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда барлық өтініштер өңделуде: «Құю зауыты» және «Молодежный». Энергия сервистік компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде», - деді Қарағанды облысының әкімі.

«Климатты өзгертуді сақтау жөніндегі қазақстандық бағдарлама» бюджеттік саланың 3 нысанында автоматтандырылған жылу қолдану станциясының жылу энергиясын енгізу  жүзеге асырылды.

«Аталған 4 жобаны Энергия тиімділігінің картасына енгізу қарастырылуда. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында Қарағанды қаласының көше жарығын жаңғырту жоспарлануда», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар