• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда дерекқорды зерттеу және енгізу арқылы 10 түркі тілдес этностарды сақтаумен айналысуда

Қазақстанда дерекқорды зерттеу және енгізу арқылы 10 түркі тілдес этностарды сақтаумен айналысуда

13 Сәуір, 2016 15:03
Қазақстанда транскрипция, құжаттама, ғылыми түрде мұрағаттау арқылы 10 түркі тілдес этностарды сақтаумен айналысуда, деп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түркітану кафедрасының профессоры Сәуле Тәжібаева «Этносаралық қатынастар мен этникалық саясат саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің негізінде ұсыныстар жасау үшін технология» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг барысында айтты.

«ЕҰУ кафедрасының құрамымен, Франкфурт университетінің түркітану бөлімдерімен, Берлин еркін университетімен жүзеге асырылған тілдерді оқыту жобасы  үш жыл жұмыс істеп келе жатыр. Негізгі мақсаты - дерекқор құру, жаңа Қазақстандағы түркі тілдерінің өзара іс-қимылын зерттеу.  Тәуелсіздікке дейін түрік этностары оқшаулы өмір сүрді. Көптеген түрік этностары тарихи себептерге орай байланысқа шыға алмады және де қазақ тілінің статусы да басқаша болды. Қазақ тілі статусын алғаннан кейін жағдай өзгерді.  Қазір көптеген түрік халқы Қазақстанға үлкен сеніммен қарайды. Біз өрістік зерттеу жасаудамыз, Қазақстанның барлық аймақтарына барамыз. Алдағы уақытта Ақтау қаласына барамыз. Біз Оңтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда болып қайттық және ҚХА өкілдері үлкен қолдау көрсетіп жатқандығын атап өткім келеді»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, қазір әлемде 40-тан астам түрік этносы бар, олардың ішінде 25-і Қазақстанда өмір сүруде, ал 10 тілдік этносы шекарадан тыс жерде жоғалып кеткен.

«Ғалымдардың күшімен, ҚХА өкілдерімен маңызды ғылыми мәліметтер жинай аламыз. Олар Голландия институтында сақталады. Елімізде соңғы халық санағы бойынша 218 караим, 25 қырымдар, 96 шорцтар, 37 тувинцтер, хакастар, чуваштар өмір сүріп жатыр. Осы тілдердің барлығы қазір жойылып кеткен»,-деді ол.

Сонымен қатар, профессордың атап өткеніндей, республикада түрік тілдерінің нұсқасы жұмыс істеуде, олар Түркияда түрлі жағдайларға байланысты жоғалып кеткен.

«Бұл тіл біздің гипотезамыз, ол өзінің бірінші дәлелін табуда – ол осман кезеңінің тілі. Месхети аумағында өмір сүрген түріктер, ахыс түріктері, хемши түріктері, лаз түріктері, оңтүстікжағалау, черномор түріктері – бір халықты таныстырады, бірақ тілерінде түрлі нұсқалар бар. Бұл нәтижелер халықаралық конференцияда баяндалады. Ең бастысы – бұл көмек және ол мемлекетпен, үкіментпен  көрсетіледі»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар