Қарағанды облысында 4,4 млрд теңге жария етілді

13 Сәуір, 2016 14:48
Облыс бойынша бүгінде 366 нысан жария етілді, оның 34 тұрғын, 332 тұрғын емес нысан. Құны – 5,5 млрд теңге. 4,4 млрд теңге қаржы жария етілді, деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысында өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

«Экономиканы дамытуда маңызды шара – экономика мен қаржыны жария ету. Облыс бойынша бүгінде 366 нысан жария етілді, оның 34 тұрғын, 332 тұрғын емес нысан. Құны – 5,5 млрд теңге. 4,4 млрд теңге қаржы жария етілді. Жыл соңына дейін 332 нысанды жария ету жоспарланған», - деді облыс әкімі.

Н.Әбдібеков айтып өткендей, облыста электр энергетикасы бойынша жоспарлы шаралар жүзеге асырылуда.

«Жылу және электр жүйелерін қабылдау бойынша жоспарлы шаралар жүргізілуде. Бүгінде Қарағанды және Қарқаралы ауданы қажетті жұмыстарды жүргізіп, 200 шақырым  электр желісін қалпына келітірді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар