Қарағанды облысында 370 жер учаскесі аукционға шығарылады

13 Сәуір, 2016 14:32
Аукциондарға сатылымға шығаруға 286,8 мың га көлемі бар 370 жер учаскесін шығару жоспарланып отыр, деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысында өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

« Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» жүзеге асыру барысында жер қарым-қатынасына, құрылыс, электр энергетикасы, агроөндірістік кешенге ерекше назар аударылады. Резервтегі заттарды қолдану бойынша жыл басынан бері 210,9 мың га жер тартылды, бұл жылдық жоспарың 51 пайызы. 6 ауданда жер салығының төлемдері көтерілді, бұл жерді қолданудың рационалды қажеттілігін арттырады», - деді Н.Әбдібеков.

Аукциондарда сатылым үшін 286,8 мың га  көлемі бар  370  жер учаскесін шығару жоспарланып отыр. Алдын ала шаралар үшін 25,4 млн теңге бөлінді. Жерді жүзеге асыру шілде айынан басталады.

«Бүгінде 5 жер қолданушысы жалға жер алу өтінішін тапсырды», - деді Қарағанды облысының әкімі.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар