• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада этносаралық қатынастар мен этникалық саясат саласында семинар-тренинг өтуде

Астанада этносаралық қатынастар мен этникалық саясат саласында семинар-тренинг өтуде

13 Сәуір, 2016 13:02
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Этносаралық қатынастар мен этникалық саясат саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің негізінде ұсыныстар жасау үшін технология» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтуде.

Семинар-тренинг қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, зерттеудің қазіргі жағдайы, Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті  нығайту мақсатында мемлекеттік саясат үшін ғылыми-зерттеу тәжірибелік нәтижелері саласында мемлекеттік саясаттың ғылыми-сараптамалық мәселелеріне арналған.

«Қазақстанда  заң жүзінде Біріккен ұлт болашағын құру бойынша жаңа саяси мемлекет енгізілген – бұл  қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік идеясы болып табылады. Қоғамдық келісім идеясы конституциалық негіз болып табылады. Қазақстан Республиканың этникалық ерекшелігін растайды, сондықтан конституциоанлды қоғамдық келісім енгізілді. ҚХА институтына кіргеннен кейін ассамблеяның қызмет өрісі қоғамдық келісім идеясына шоғырланған»,-деп Төраға орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Түгжанов айтты.

Айта кетейік, семинар барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдармен дәрістер және тренингер, тәжірибелер өткізеді: ҚХА хатшылығының жауапты қызметкерлері, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім», ҚХА халықаралық сарапшылары және тағы басқалар.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар