- Басты
- Жаңалықтар
- Туризм саласындағы Ұлттық Сыйлық ЭКСПО алдындағы туристтік қызметтің сапасын жақсартуы мүмкін
Туризм саласындағы Ұлттық Сыйлық ЭКСПО алдындағы туристтік қызметтің сапасын жақсартуы мүмкін
«Конкурсты ұйымдастырушы еліміздің туристтік нарығының көшбасшыларын біріктірген Қазақстанның Туриндустрия Ұлттық Одағы болып табылады. Туризм – экономиканың ірі елеулі бөлігі, БҰҰ Бүкіләлемдік туристтік ұйымының (UNWTO) мәліметтері бойынша туризм саласы әлемдік ЖІӨ оннан бір бөлігін (10,9%) қамтамасыз етеді. Саланың жылдық айналымы 1 трлн. Доллардан асқан. Елге келген бір турист 5 жұмыс орнын жасайды, ол әлемдегі жұмыспен қамтудың жалпы көрсеткіштерінің 8% баламалы», - деді Г.Жеңісбек.
Қазақстан бірегей табиғи ресурстарға және төл мәдениетке ие бола отырып халықаралық және аймақтық нарықтарда туризмді дамыту үшін орасан зор жүзеге асырылмаған әлеуетке ие. Туристтік әлеует халықаралық туризм нарығына үйлесімді енуге және елде туризмді дамытудың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Алайда Қазақстандағы сала менеджментінің дамуы мен тиімділігінің жеткіліксіз жоғары деңгейі осы саланың сәтті дамуына кедергі келтіреді.
Туризм саласындағы Бірінші Ұлттық Сыйлық туризмнің дамуын ынталандыруға, жақсы компанияларды мойындауға және танымал бағдарлар трендін жасауға бағытталған.
«Қазақстанның негізгі әлеуетті туристтік өнімі болашақта 6,4 млрд. доллар дүниежүзілік жыл сайынғы айналыммен экологиялық туризм болып табылады. Дамыған еуропалық елдерде ауылдық туризм танымалдығы бойынша жағажайлықтан кейінгі екінші орынға ие және барлық туриндустрияның табысының 30% дейін алып келеді», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан құрлық аралық көліктік дәліздерде бола отырып экотуризмді дамытудың арқасында туристтер ағынын елеулі ұлғайта алады, экологиялық тамақтандырумен, жергілікті емдік шөптермен, табиғи шипалы саз былауларымен, тұзды қайнарлармен, жидектер мен саңырауқұлақтарды жинаумен осы саланы дамытуда көшбасшы бола алады.
Жобаның міндеттері«ЭКСПО-2017» қарсаңында туристтік қызметтердің сапасын жақсарту;Туризммен байланысты салаларды (қолөнершілер, қызмет көрсету саласы, көлік, тамақтандыру, қонақ үйлер және басқалар) дамыту;Туристтік тартымды аймақтардың халқының арасында туризмді дәріптеу;Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында шет тілдерін оқып үйренуге ынталандыру;Экологиялық туризмнің дамуына көмектесу;«2020 ж. дейін ҚР туристтік саласын дамыту концепциясын» жүзеге асыруға қолдау.
Сыйлық келесі 12 номинациялар бойынша конкурстың нәтижелері бойынша тағайындалады:Оқиғалық туризмнің ең жақсы жобасы;Ең жақсы ұлттық туристтік компания;Ең жақсы аймақтық туристтік компания;Ең жақсы гид-саяхат жүргізуші;Ең жақсы шипажай;Қонақ үй индустриясының ең жақсы нысаны;Қазақстан бойынша саяхаттаудың ең жақсы бағыттары;Ең жақсы балалар демалысы;Туристтерге арналған ең жақсы интернет-сервис;Туризмді баяндау жөніндегі ең жақсы баспасөз ақпарат құралы;Туризм бойынша ең жақсы ТД жоба.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары