- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық шаруалар жылыжайда 500 тонна қызанақ өсіріп жатыр
Жамбылдық шаруалар жылыжайда 500 тонна қызанақ өсіріп жатыр
Көкөністер какос қоспасымен толтырылған арнайы табандықтарда өсіп өнеді. Нәрлендіру үшінде өсімдіктерге тамшылатып суару әдісі қолданылады. Томат топтарының биіктігі 3 метрге дейін жетеді. Бір жылыжайдан 500 тонна жапон және голланд сортты қызанақ жиналады.
Жаңа технологияны алдымен «Грин Вилл» ЖШС-гі мен "Щенхо" шаруа қожалығы енгізді. Өз қаражаттарынан және сыртқы инвестициялардан құрылған жобаның жалпы құны - 270 млн. теңге. Масаншы ауылының тұрғындары үшін 20 жұмыс орындары ашылды.
Әзірге бір гектарды құрайтын замануи жылыжайдың жабдықтау жұмыстарына Оңтүстік Кореядан арнайы өкілдер шақырылды.
Жылыжайдың ішінде ауа ылғалдылығы мен температуралық режим сақталады. Көптеген радиаторлар және желдеткіштер жылыжайдың ауасын реттейді.
Сондай-ақ, тиісті уақытта басқару пульт арқылы көшеттер арнайы дәрумендері бар сумен суарылады.
Жоғарыдан бүркілеген су ауаны тазартып қызанақтарға оңтайлы жағдай жасайды.
Жылыжайда Оңтүстік Корея өндірушілерінің ең заманауи құрал-жабдықтары қолданылады. Жапондық сыртқы қабыршақ 8 жылға есептелген, ал кокос жоңқаларын әрбір үш жыл сайын өзгертіп туру керек.
Атап өту қажет, оңтүстіккореялық мамандар кешен құрылысының ең басынан бастап алғашқы өнім жинағанға дейін бақылау жүргізеді. Олар бүкіл процесті бақылап, жаңа технологияларға жергілікті көкөніс өсірушілерді үйретеді.
Қазір қараша айында отырғызылған қызанақтардың алғашқы өнімдерін жинау басталды. Айта кету керек жаңа технологияның тиімділігін көрген қос шаруашылық алда дәл осындай екі жылыжай кешенін соғуды жоспарлауда.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр