• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Құсайынов: Дүниежүзілік банк 24 жыл ішінде Қазақстанға 6,8 млрд доллардан астам инвестиция салды

М.Құсайынов: Дүниежүзілік банк 24 жыл ішінде Қазақстанға 6,8 млрд доллардан астам инвестиция салды

13 Сәуір, 2016 10:42
Дүниежүзілік банк 1992 жылдан бері Қазақстанға 6,8 млрд доллардан астам инвестиция салды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

«Дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында 2016 жылдың 21 қаңтарында Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум барысында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында ҚР-да офистерді  құру және оның жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойылды. Аталмыш келісім 1997 жылғы бұрынғы Келісімді алмастырады»,-деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуы бойынша Дүниежүзілік банк 1992 жылдан бері Қазақстанға 6,8 млрд доллардан астам инвестиция салды.

«Бұл қаражат жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнес бәсекелестігін арттыруға, білім және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға, кедендік және салықтық жүйелерін әкімшілендіруін оңтайландыруға, қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге бағытталды. Сонымен бірге, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы инвестициялық қызметінің жарқын көрінісі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі болып табылады», деді М. Құсайынов.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Мәжілісі  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар