- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте ҚР-да ҚҚДБ офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды
Мәжілісте ҚР-да ҚҚДБ офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды
«ҚР мен Дүнежүзілік банк арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2016 жылдың 21-ші қаңтарында Давоста өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойған болатын. Аталмыш келісім 1994 жылғы Алматы қаласында тұрақты өкілдігін құру туралы келісімді ауыстырады»,-деді Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов.
Құжатқа сәйкес, Дүниежүзілік банк Қазақстанда офистерге ие болып, оларды операциялық және әкімшілік қолдау қызметтерін көрсету үшін қызметкерлермен жасақтайтын болады. Дүниежүзілік банк қызметкерлер мен қызметшілерге жалақы мен басқа да шығыстарды толық көлемде өзіне алады. Банктің офистері мен үй-жайларына қол сұғылмайды және ол Дүниежүзілік банктің қарауы мен басқаруында болады.
Бұдан бөлек, заң жобасы аясында Банктің және оның қызметкерлерінің иммунитеттері айқындалып отыр.
Келісімге сәйкес, Дүниежүзілік банк өзіне берілетін артықшылықтардың, иммунитеттердің, жеңілдіктердің және шарттардың теріс пайдалануға ұшырамауын қамтамасыз ететін болады. Мұндай иммунитет сот төрелігінің қалыпты іске асырылуына кедергі жасайтын болса, ол өзінің иммунитеттерін кері қайтарып алатын болады.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.
Ботагоз Айтжанова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы