Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,7%-ға артты

14 Сәуір, 2016 10:19
2016 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1157 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 15,7% артық, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комиетті.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-наурызда 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 99,4% құрды.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

«2016 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4058 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,8% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,3% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,5% төмендеді», - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі* 317,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,9% артты.

2016 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,1%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 118,7 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,3% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 60,8 млрд. жкм құрап, 1% артты.

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы наурызда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 3,2%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 3,1%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы наурызда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 3,3% төмендеді.

 

 

Барлық жаңалықтар