- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан судьяларының VI съезі басталды
Астанада Қазақстан судьяларының VI съезі басталды
«Осы маңызды қоғамдық-саяси іс-шараға Мемлекет басшысы Н. Назарбаев, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, шетелдік делегациялар қатысады», - делінген хабарламада.
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының алдыңғы форумда (2009 ж.) белгілеген міндеттерін іске асыру барысын талқылау, сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін қарау, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі кезіндегі сот жүйесінің ролін айқындау мәселелері қойылып отыр. Республиканың барлық өңірлерінен съезге 600-ден астам судья қатысады.
Форумға қатысушылар сот төрелігінің тәуелсіздігі, сот құрылысын жетілдіру, құқық қорғау механизмдерін жетілдіруде соттардың рөлі, соттардың ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ судья кадрлардың кәсіби және адамгершілік деңгейін арттыру мәселелерін талқылайды. Съезде сот жүйесінің имиджін арттыру туралы, судьялар қоғамдастығы органдарын дамытудың перспективалары, судьялардың әлеуметтік кепілдіктері және басқа да мәселелері туралы сөз қозғалады.
Шақырылғандардың ішінде Ресей, Молдова, Украина, Қырғызстан және Грузия Жоғарғы соттарының делегациялары бар. Алыс шетелден Біріккен Араб Әмірліктерінен, Сауд Арабиясынан және Германиядан шақырылған қонақтар, ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, Европалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің өкілдері, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының және Еуразиялық Экономикалық Сотының судьялары қатысады.
Жұмыс қорытындысы бойынша Съезд қаулысы қабылданатын болады. Судьялар съезі Қазақстан Республикасы Судьялар одағының жоғары органы болып табылады. Қазақстанның Судьялар одағы 2011 жылдан бастап Халықаралық судьялар қауымдастығының толыққанды мүшесі. Съезд мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен 4 жылда 1 рет өтеді.
Форумды ұйымдастырушылар – Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасының Судьялар одағы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты