- Басты
- Жаңалықтар
- ӘӘК ұшу экипаждарының «Авиадартс-2016» халықаралық байқауына қатысу үшін іріктеу туры басталды (ФОТО)
ӘӘК ұшу экипаждарының «Авиадартс-2016» халықаралық байқауына қатысу үшін іріктеу туры басталды (ФОТО)
Бүгінгі таңда «Қызылағаш» және «Қазақстан» авиациялық полигондарында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары арасында іріктеу кезеңі өткізілуде. «Қазақстан Республикасынан «Авиадартс-2016» байқауына Су-27 және МиГ-29 жойғыштарының, Су-25 шабуылдағыштарының, сондай-ақ Ми-8 және Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары қатысады.
Байқауға ұшқыштан (экипаж командирінен) бастап буын (жасақ) командиріне дейінгі лауазымдардағы, біліктілік дәрежесі 3-сыныптан төмен емес жас ұшқыштар ғана қатысатын болады. Ұшқыштарымыз бұл тартысты додаға 2015 жылы алғаш рет қатысып, жалпыкомандалық екінші орынды иеленіп, жақсы нәтиже көрсетті. Осы жылы да ұшқыштарымыз жоғары нәтиже көрсетеді деп ойлаймын», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.
Әрбір команда өздерінің әуе кемелерінде өнер көрсетеді. Екі негізгі (жұп) және бір резервтік. Байқауды өткізу бағдарламасы үш кезеңді қамтиды. Бағдар бойынша ұшу, көзбен шолып әуе барлауын жүргізу, пилотаждау техникасы; жерүсті нысана бойынша жауынгерлік қолдану, сондай-ақ үшінші кезең – спорттық. Байқауға дайындалу және оны өткізу жөніндегі жалпы жетекшілікке алуды Ресей Федерациясы Әуе-ғарыштық күштерінің Бас қолбасшылығы жүзеге асырады. Дүбірлі дода 2016 жылғы шілденің 26-ы мен тамыздың 12-і аралығында ұшу құрамын жауынгерлік даярлау және жаттықтырудың 43-ші орталығы (Рязань қ.) және «Дубровичи» авиациялық полигонының (Рязань қ.) базаларында өткізіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады