- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада авиациялық техникалық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын (ФОТО)
Астанада авиациялық техникалық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын (ФОТО)
«Еліміз үшін бұл отандық өндіруші, инженерлеріміз тұрғызған маңызды нысан. Құрылыстың аяқталуы жақындап қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 97 пайызға орындалды. Біз барлық ынта-жігерімізді салудамыз және жоспар бойынша аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ның құрылыс жөніндегі бас директорының орынбасары Сырымбет Сәдуақасов.
Орталықтың алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылады. Болашақта орталық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша анағұрлым кеңінен қамтуды жоспарлар отыр. «Ол жерде Ан және С-295 типіндегі әскери ұшақтарға техникалық қызмет көрсету жүргізіледі. Әрі қарай әлеуетті құрылымдардың ұшақтарын қабылдап алуды жоспарлаудамыз», - деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС көліктік авиациясы әуе кемелерінің бөлім бастығы Қайыржан Құшанбаев.
Орталықтың басшылығы өз кадрларын дайындауға үлкен мән беретінін айта кетейік. Ол үшін мамандар тобы Испаниядағы «Airbus Millitary» оқу орталығына, екінші топ Украинадағы «Антонов» мемлекеттік кәсіпорнына, ал 3-топ Израильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша меңгеру және тәжірибе жинақтау үшін оқуға аттанады. Орталықтың құрылысымен «Қазинжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС айналысады. Авиациялық орталықтың жалпы құрылысының ауданы 62 660 шаршы метрді құрайды. Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің мүддесінде ғана мүмкіндіктерді іске асырып қоймай, сонымен бірге өңірлік деңгейге шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір орталық.
-
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш» -
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту -
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер -
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аяқталуға жақын -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері -
ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады