• Басты
  • Жаңалықтар
  • Германия тұрақты даму жобалары аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандырады

Германия тұрақты даму жобалары аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандырады

13 Сәуір, 2016 09:52
ГФР-да ҚР елшісі Болат Нүсіпов Германия ның ынтымақтастық және даму жөніндегі федералдық министрлігінің парламенттік статс-хатшысы, депутат Бундестаг Ханс-Йоахим Фухтелеммен кездесті.

Келіссөздің негізгі тақырыбы тұрақты даму саласындағы маңызды жобалардың бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері болды, көбінесе, Қазақстанда дуалды кәсіби-техникалық білімнің неміс моделін енгізу бойынша «Назарбаев-Меркель» Бастамасын іске асыру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында екіжақты экономикалық жобаға қолдау көрсету, Астанадағы «ЭКСПО-2017» аясында балама энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар ЕО мен БҰҰ-ның әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешу.

«Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы негізгі аспектілермен , Ұлт жоспары «100 нақты қадам»-мен таныстырды, сонымен қатар бағытты тапсырмалармен таныстырды.»,-деп хабарламада айтылған.

Парламенттік Статс-хатшы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформаны жоғары бағалады және жоғарыда айтылған  екіжақты жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылды арттыру үшін практикалық бірқатар ұсыныстар жасалды.

 

Барлық жаңалықтар