СҚО әкiмi Эстония елiнiң елшiсiмен кездестi

13 Сәуір, 2016 10:09
Ерiк Сұлтанов Эстония Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Яан Рейнхольдпен кездестi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiнiң кеңесшiсi Әнуар Құржықаев, елшiнiң экономика мәселелерi бойынша кеңесшiсi Кальви Нормяги мен елшiнiң логистика мәселелерi бойынша кеңесшiсi Эркки Вейсманн қатысты.

Ерiк Сұлтанов бiзiң облысымыз аграрлы аймақ екенiн атап өттi. Өңiр шағын аумағына қарамастан республикалық астықтың үштен бiр бөлiгiн жинайды. Облыста ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеуге ерекше көңiл бөлiнедi.

«Бүгiн ауыл шаруашылығына көптеген кәсiпкерлердi тартуға болады. Тағы бiр әлеуеттi сала-машинажасау саласы. Бизнестi жасауға барлық жағдайлар жасалған. Қазiр бiз шетел компанияларымен бiрлескен 10-нан астам жобаны жүзеге асырамыз. Бiздiң кездесуiмiз Эстония елiмен ынтымақтастығымызды дамытудың бастауы болатынына үмiттенемiн. Бiздiң елдерiмiздiң кәсiпкерлерi арасында байланыстарды дамыту үшiн бизнес-форум өткiзуге дайынбыз», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

Яан Рейнхольд өз кезегiнде облысқа нақты ұсыныстармен келдi.

«Эстонияда бидайды экспорттауға арналған заманауи көлiктiк орталықтар бар. Екiншiден, сүт өндiру бойынша агроқұрылымдық кешен құру. Бiздiң табиғи-климаттық жағдайларымыз ұқсас, бұндай кәсiпорындарды құруда тәжiрибемiз, технологияларымыз бар», — дедi Эстония Республикасының Елшiсi.

Сондай-ақ, iскерлiк сапар барысында делегация «ҚАЗТЕХМАШ» зауытына, «Сұлтан кондитерлiк өнiмдерi» АҚ-на, «Петерфельд-Агро» ЖШС-на және «Даму» кәсiпкерлерге қызмет көрсету» аймақтық қорында болды.

 

 

Барлық жаңалықтар