• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖҚЖК-2020: Ақмола облысында ауыл тұрғыны мал шаруашылығын дамыту үшін несие алды

ЖҚЖК-2020: Ақмола облысында ауыл тұрғыны мал шаруашылығын дамыту үшін несие алды

13 Сәуір, 2016 08:59
Еңбекшілдер ауданына қарасты Жүкей ауылының тұрғыны Қарлығаш Серікбаева «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы ретінде несие алды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Жүкей ауылының тұрғыны Қарлығаш Серікбаева «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын ести салып, Еңбекшілдер ауданының әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барған.

Сол жердегі маманның кеңесінен кейін мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болып шыға келген. Қардығаш Сағынтаева барлық қажетті құжаттарды жинап, оны Көкшетау қаласындағы ауыл щшаруашылоығын қаржылай қолдау Қорына жіберген.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші кезеңі аясында өз ісін ашу үшін 3 млн. теңге сомасында шағын несие алды.

Бүгінгі таңда кәсіпкерде 30 қазақтың ақ бас тұқымды сиыры бар және 1 жұмыс орынын құрған.

Барлық жаңалықтар