• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР БҒМ технологияны коммерциаландыру бойынша пилоттық режимде грант бағдарламасын іске қосады

ҚР БҒМ технологияны коммерциаландыру бойынша пилоттық режимде грант бағдарламасын іске қосады

20 Қараша, 2013 09:48
ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы технологияны коммерциаландыру орталығы пилоттық тәртіппен инновация гранттары бағдарламасын іске қосады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Коммерциаландыру орталығы пилоттық тәртіппен жаңа инновациялық кәсіпкерлік құруға, технологияны потенттеуге және лицензиялауға, өнеркәсіппен біріге отырып зерттеу жұмыстарын жасауға және басқа да мақсаттарға грант береді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР БҒМ технологияны коммерциаландыру орталығы - өздерінің тұтынушылары – инновациялық процеске қатысушыларға кешенді қызмет көрсететін инфрақұрылымдық ұйым болып табылады.

Айта кету керек, орталықтың жұмысы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бұл – технологиялық аудит өткізу, нормативті-құқықтық алаңға сараптама және технологияны коммерцияландыру стратегиясын құру мен одан шығатын тренинг бағдарламаларын дайындау.

Сонымен қатар, орталықтың басты кеңесшісі ретінде ғылым мен технология саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым CRDF Global Халықаралық компаниясы. CRDF Global 30-дан астам елде халықаралық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландырады және көптеген елдерде өнертапқыштар мен кәсіпкерлермен бірігіп жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие.

Барлық жаңалықтар