ҚР Президенті жұмыс сапарымен Түркияға келді

12 Сәуір, 2016 17:24
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Стамбул қаласына келді.  Мемлекет басшысы сапар барысында Ислам ынтымақтастығы ұйымының ХІІІ саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Түркия Президенті Р.Ердоғанмен,  түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу жоспарланған. 

 

Барлық жаңалықтар