• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды

Павлодар облысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды

12 Сәуір, 2016 19:48
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Павлодар облысының әкімдігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің және басқа заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, ҮЕҰ өкілдері қатысты, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Кеңес барысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану, құрылыс саласындағы жаңа енгізілімдер, сондай-ақ салық заңнамасына енгізілетін жоспарланған өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды.

ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұловтың айтуынша ауыл шаруашылық жүргізу үшін ұсынылған жердің жалпы ауданы қазіргі уақытта 100,8 млн.га құрайды, бұл ретте, ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің тек 1,3% (1,3 млн.га) жеке меншікте. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмін еңгізу мақстында Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы қабылданды, ол 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бұл норма қазіргі жалға алушылардың мүдделерін ескереді және оларға бұдан бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы, олардың кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық береді.

Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады. 

«Аталған шаралар ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді нарықтық айналымға еңгізу үшін қажетті жағдайлар туғызады, жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жер пайдаланушылардың жауапкершілігі мен ынтасын көтереді» - атап өтті Бауыржан Смағұлов.

 

Барлық жаңалықтар