• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Нурымбетов: 13 мың әйел ЖҚЖК-2020 аясында жеңілдетілген шағын несие алды (ФОТО)

Б.Нурымбетов: 13 мың әйел ЖҚЖК-2020 аясында жеңілдетілген шағын несие алды (ФОТО)

12 Сәуір, 2016 15:54
5 жыл ішінде 13 мың әйел ЖҚЖК-2020 аясында жеңілдетілген шағын несие алды, деді әйелдер бизнес-форумында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

«Бүгінде қаржы мекемелерінде өз-өзін қамтыған, жұмыссыз азаматтар келіп жатады. Несие алуда қиындықтар туындайды, сондықтан банк  бизнеске басымдылықты береді. ЖҚЖК – 2020 мақсаты – бизнес ашуға адамдарға қолғабыс көрсету, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру. Сондай-ақ, біз бағдарлама қатысушыларына несие алғанша даейін тегін консультациядан өтуге мүмкіндік береміз», - деді Б.Нұрымбетов.

Оның айтуынша, ЖҚЖК-2020 шағын несиелендіру халық сұранысына ие.

«Тек 2015 жылы ЖҚЖК-2020 аясында ауылда 2400 әйел шағын несие алды, 1300 өз ісін ашты. Қалған өз кәсібі барлар 627 әйелге жұмыс ұсынды. 5 жыл ішінде 13 мың әйел ЖҚЖК-2020 аясында жеңілдетілген шағын несие алды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар