• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Көлгінов: «Бизнестің жол картасы» аясында 2015 жылы 6 млрд теңгенің 108 жобасы мақұлданды

А.Көлгінов: «Бизнестің жол картасы» аясында 2015 жылы 6 млрд теңгенің 108 жобасы мақұлданды

12 Сәуір, 2016 17:19
«Бизнестің жол картасы» аясында 2015 жылы 6 млрд теңгенің 108 жобасы мақұлданды, деді аймақ әкімі Алтай Көлгінов өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

« «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бағдарламаны жүзеге асырудан бері 56 млрд теңгенің 513 жобасы мақұлданды. 22 мың жұмыс орны сақталды, 330 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауылдық жерде 195 жоба 20 млрд теңгеге қолданды. 2015 жылы 6 млрд теңгенің 108 жобасы мақұлданды», - деді ол.

Айта кетерлігі, мақұлданған обалардың 56 пайызы ауылға тиесілі.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар