- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына әзірлік бойынша кеңес өткізді
Қ.Тоқаев «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына әзірлік бойынша кеңес өткізді
Сенаттың баспасөз қыметі хабарлағандай, конференция Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтқан терроризмге қарсы іс-қимыл туралы бастамаларын іске асыру аясында өтеді. Сенат Төрағасы халықаралық ұйымдардың, парламенттік және әлемдік діни қауымдастықтардың, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері алғаш рет қатысатын конференцияның ерекше сипатына назар аударды.
Терроризммен күрестегі маңызды мәселелерді талқылауға еліміздің және шетелдік сарапшылар да қатысады. Төрағаның пікірінше, конференция Мемлекет басшысы жария еткен жаһандық маңызы бар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін түсіндіру және ілгерілету үшін тиісті тұғырнама болады. Шараларға әзірлік барысы туралы Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, сыртқы істер министрінің орынбасарлары Ержан Ашықбаев және Роман Василенко, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов хабардар етті.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты