- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» конференциясына дайындық бойынша кеңес өткізді
Г.Әбдіқалықова «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» конференциясына дайындық бойынша кеңес өткізді
Кеңеске Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент Сенатының аппараты, уәкілетті мемлекеттік органдар басшылығының өкілдері қатысты.
Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының алғашқы жарлықтарының бірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім болғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің 25 жылы бойы жаһандық ядролық қарусыздану және оны таратпау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді.
Қазақстан Президентінің бұл саладағы бастамалары 2016 жылғы 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жаһандық серпіліс тудырды. Мемлекет басшысы «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифест жариялап, ол БҰҰ Бас ассамблеясының және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Құжатта барша адамзаттың мүддесін қорғайтын өзекті тақырыптар бойынша Қазақстанның нақты ұстанымы айқындалған.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған халықаралық конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін болады.
Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді