• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы БҚО-да 270 жұмыс орнын құратын 52 млрд теңгенің 6 жобасын енгізу жоспарлануда

2016 жылы БҚО-да 270 жұмыс орнын құратын 52 млрд теңгенің 6 жобасын енгізу жоспарлануда

12 Сәуір, 2016 18:59
2016 жылы Батыс Қазақстан облысында 270 жұмыс орнын құратын 52 млрд теңгенің 6 жобасын енгізу жоспарлануда, деп «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«2015-2019 жж 440 жымыс орнын құратын 72 млрд теңгенің 10 жобасын енгізу жоспарлануда. 2015 жылы 2 жоба енгізілді. 2016 жылы 270 жұмыс орнын  құратын 52 млрд теңгенің 6 жобасын енгізу жоспарлануда,-деді ол.

6 жобаның бірі К5 экологиялық класты  мотор отындары өндіретін зауыт құрылысы болып табылады («Конденсат» АҚ).

«Бұл жоба қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Конденсат» АҚ 5-ші экологиялық классты жоғары октанды этилденген бензинді шығаратын болады және ол әлемдік стандарттарға сай келеді, жылына шамамен 200 мың тонна. Жобаның құны – 45 млрд теңге»,-деді ол.

Сонымен қатар, аймақ үшін теңіз кемесін дамыту маңызды.

«Бүгінгі күні «Зенит» зауыты қазіргі заманғы кемелер мен қайықтарды шығарады, республикадағы индустриалды-инновациялы бағдарламасына белсенді қатысады. 23 әскери кемелер мен қайықтар патрульдер. Зауыт Қазақстанда облыс өнеркәсібінің флагманы және кеме жасау өнеркәсібі болып табылады. Жобаның құны – 460 млн теңге. Аталмыш жобаны іске асырылуы өнімдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді және ірі габаритті кемені дамытады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар