- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Үкімет мүшелеріне су тасқыны жағдайын бақылауда ұстауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Үкімет мүшелеріне су тасқыны жағдайын бақылауда ұстауды тапсырды
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәліметінше, ағымдағы су тасқыны жағдайы елдің төрт өңіріндегі 43 елді мекеннің тіршілік әрекетін қиындатты, 535 тұрғын үйді су басып, ұзындығы 20 шақырым болатын автомобиль жолдарының 190 учаскесін су шайған, 2 көпір қираған.
Министрдің мәліметінше, апатты жою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарына төрт мыңнан астам адам, 1140 техника бірлігі, 259 су сорғыш құрылғы жұмылдырылып, 36 шақырым уақытша бөгет салынды. Қолданылған шаралардың арқасында 471 үй құрғатылып, 500-ден астам адам тұрғылықты орындарына оралды.
Қазіргі сәтте ведомствоның алдында апат салдарын жою, су басқан аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу, өзендердің деңгейін үздіксіз қадағалауды ұйымдастыру, қажетті техниканы дайындау және гидротехникалық құрылымдардың жағдайын тұрақты бақылау бойынша міндеттер тұр.
Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2016 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған алқапты 21,6 млн га дейін арттыру жоспарланған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 400 мың га-ға артық. Астық дақылдарын 15,2 млн га-ға егу көзделген.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған мұнай өнімдерінің көлемі жайлы мәліметті таныстырды. Оның айтуынша, дизель отынының қоры ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қажеттілігін толық қамтиды, оның көлемі 366,8 мың тоннаны құрады.
Отырыс қорытындысы бойынша К.Мәсімов Үкімет мүшелеріне су тасқыны жағдайын тұрақты бақылап, сондай-ақ егіс жұмыстарын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары