- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Иран компанияларын «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолының әлеуетін белсене пайдалануға шақырды
Н. Назарбаев Иран компанияларын «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолының әлеуетін белсене пайдалануға шақырды
Кездесуге түрлі салаларда, соның ішінде энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тау-кен өндіру салаларында жұмыс істейтін Imidro, Ghadir Investments Group, Sunir Group, IRISL, Jahad-eSabz сияқты 20-дан астам Иран компанияларының басшылары қатысты.
«Компания басшылары Қазақстанмен арада бірқатар игерілген және жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті. Соған орай олар жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы айта келіп, байланыстарды жолға қою мәселесіне зор қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті де бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделілік бар екенін білдірді. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев Иран компанияларын «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолының әлеуетін белсене пайдалануға шақырды.
Мемлекет басшысы біздің елмен өзара іс-қимылдың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылуы Иран компанияларына одақтың өзге елдерімен кедендік баж салығынсыз сауда жасауына мүмкіндік береді. Бұған қоса, біздің ел таяуда Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылды, еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойды, сондай-ақ өңірде инвестициялық ахуал ең үздік көрсеткіштерге ие болып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміз инвесторлар үшін инвестициялық субсидияларды, заңнама тұрақтылығын, салық жеңілдіктерін қарастыратын ауқымды артықшылықтар топтамасын ұсына алатынын айтты. Бұған қосымша, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар реформа жүзеге асырылуда. Сондай-ақ елде ауқымды жекешелендіру жүргізілуде. Халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды.
Қазақстан Президенті келесі жылы елімізде «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетінін еске салды және соған байланысты балама энергетика саласындағы озық технологияларға қызығушылық бар екенін айтты.
Мемлекет басшысы қазіргі кезде Қазақстанда басымдылығы бар бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын, оларға Иран компаниялары қатыса алатынын атап өтті. Бұлар – инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы, индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңі және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы.
Сонымен қатар Қазақстан Иранмен медицина, биотехнология, агротехнология, ғарыш технологиясы сияқты салаларда ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сондай-ақ өзара іс-қимыл қазіргі кезде елімізде дамытылып жатқан инновациялық кластерлер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Иран компанияларының сындарлы ынтымақтастыққа деген ниетін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударып, оларға жұмыстарының жемісті болуына тілектестігін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады