• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар ЖКҚ бұзу айыппұлын онлайн режимде төлей алады – вице-министр

Қазақстандықтар ЖКҚ бұзу айыппұлын онлайн режимде төлей алады – вице-министр

12 Сәуір, 2016 12:56
Қазақстандықтар ЖКҚ бұзу айыппұлын онлайн режимде төлей алады, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Инвестициялар мен даму вице-министрі Сәкен Сарсенов.

«Қазір ішкі істер министрі өз іштерінде ақпараттық жүйені интеграциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Біріншіден,  фотоаппарат бойынша, нақтыланған бұзушылық, екіншіден – әкімшілік қызметтегі қызметшілер хаттама толтыратын кезде.  Қазір бұл интеграция жүзеге асқан соң, ол жарты айды қамтиды. Барлық ХҚКО-ларда айыппұлды  төлеуге болады», - деді ол.

Вице-министр атап өткендей, «бұл қызмет тек қана арнайы ХҚКО-ларда ғана мүмкін болып отыр».

 

Барлық жаңалықтар